Құрметті Шахтинск қаласының және оған қарасты кенттердің тұрғындары!

«Шахтинск қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК-да ҚО ДСБ ұйымдастыруымен
«Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен
2026 жылғы 24.04–30.04 аралығында Иммундау апталығы өткізілуде.

Бұл іс-шара халықты жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Вакцинация — қызылша, дифтерия, көкжөтел, гепатит және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді әрі қауіпсіз жолы.

Сіздерді шақырамыз:

  1. Өздеріңіздің және балаларыңыздың екпе мәртебесін тексеруге
  2. Қажетті профилактикалық екпелерді алуға
  3. Вакцинация мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінен кеңес алуға

Балаларға, қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар азаматтарға ерекше көңіл бөлу ұсынылады.

Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз — екпені уақытында алыңыз!

Әкімшілік