Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Республикасының
2019 жылғы 20 маусымдағы № 421
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке:
1, Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық тексерулер мен скринингтік зерттеулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар;
2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультациялары, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда ұтқыр бригаданың үйде көрсетілетін қызметтері;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың динамикалық байқауы;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
6) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша рәсімдер мен манипуляциялар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді — ҚР Үкіметінің 23.09.2025 № 786 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 07.05.2025) бастап туындаған қатынастарға қолданылады).
2. стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.
3. стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек:
1) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда;
2) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу.
4, Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту.
5, Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
6, Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
7, Мыналарды көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмекті;
2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайлардағы бастапқы медициналық-санитариялық және мамандандырылған медициналық көмек.
