Денсаулық үшін ортақ жауапкершілік

Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Скринингтен уақтылы өту, флюорография жасау, вакцина алу және АИТВ-ға тест тапсыру — аурулардың алдын алудың тиімді жолдары.

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау — ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі. Қазақстан Республикасында денсаулық үшін ортақ жауапкершілік қағидаты заңнамалық деңгейде бекітілген. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, денсаулық үшін жауапкершілік мемлекетке, жұмыс берушілерге және азаматтардың өздеріне жүктеледі.