Құрметті ата-аналар және заңды өкілдер!
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қызылша және эпидемиялық паротиттің таралуының алдын алу жөніндегі қаулысына сәйкес, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегіні хабарлаймыз:
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға және эпидемиялық паротитке (ҚҚП) қарсы профилактикалық егулері жоқ балалар жоспарлы госпитализацияға жіберілмейді.
Бұл шара барлық пациенттердің, әсіресе ерте жастағы балалар мен иммунитеті әлсіреген науқастардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Ата-аналардан баланы жоспарлы емдеуге немесе тексеруге жатқызар алдында оның егу мәртебесін алдын ала тексерулерін сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша учаскелік педиатрға немесе аурухананың қабылдау бөліміне жүгінуге болады.
Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
