Құрметті Шахтинск қаласының және оған қарасты кенттердің тұрғындары
«Шахтинск қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК 02.10.2025 жылдан бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталғанын хабарлайды. Grippol® Plus вакцинасы Ресей Федерациясында өндірілген тұмауға қарсы үш валентті вакцина болып табылады.
Тегін вакцинациялауға келесі тұлғалар жатады:
— Диспансерлік есепте тұрған барлық адамдар.
— 60 жастан асқан тұлғалар;
— суық тиюмен жиі ауыратын балалар;
— денсаулық сақтау қызметкерлері;
— Екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдер.
— Шахтинск қаласы, Москва көшесі 18/1, №245 кабинет (балалар үшін), №424 (ересектер үшін)
— Шахан кенті, 1 м/а, 1 ғимарат, №115 кабинет
— Новодолинка кенті, Школьная көшесі 9, №17 кабинет
— Долинка кенті, Школьная көшесі 15, №6 кабинет
Вакцинация алу үшін тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.
Әкімшілік.
