Құрметті ата-аналар!
Қазақстанда онкологиялық аурулардың алдын алу бағдарламасы аясында адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл вакцинация жатыр мойны обыры мен АПВ-мен байланысты басқа аурулардың даму қаупін азайтуға бағытталған.
Вакцинация туралы қысқаша ақпарат:
* Мақсатты тобы: 11-13 жас аралығындағы қыздар (иммунитетті қалыптастырудың оңтайлы жасы).
* Вакцина: Гардасил Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған, тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген препарат.
* Егетін орны: мектептер мен тіркелген жері бойынша емханалар.
Неліктен бұл маңызды?
Жатыр мойны обыры-әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі және вакцинация алдын алудың тиімді әдісі болып табылады. Вакцина жатыр мойны обырының 70% — дан астамын тудыратын АПВ негізгі түрлерімен (6,11,16,18) инфекцияның алдын алуға көмектеседі.
Вакцинация міндетті ме?
Вакцинация тек ата-аналардың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Вакцинация алдында дәрігер баланы физикалық тексеруден өткізеді.
Қосымша ақпаратты қалай алуға болады?
Толық ақпаратты сайттан табуға болады www.hpv.kz
Бүгін балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз — олардың болашағын қорғаңыз!