САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІН ҚАЙДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Азаматтар сақтандыру мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• HALYK Bank, Банк ЦентрКредит, Kaspi Bank мобильді қосымшалары.
Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.







